Астанада екі кітапхана ашылды

Бүгiн, 07:34 144

Астанада биыл 4 кітапхана ашу жоспарланған. Бүгінгі таңда оның екеуі пайдалануға берілді. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек желі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шаһар басшысы жұмы сапары кезінде балаларға арналған жаңа кітапханаға барды. Жалпы ауданы 340 шаршы метрді құрайтын кітапхана балаларға қызмет көрсетуге арналған. Дегенмен ересектер де мұндағы қызметті пайдалана алады. Бұл кітапхананың қоры 3 мыңға жуық жаңа кітаптан тұрады.

Мемлекет басшысы кітап оқитын халық қана нағыз интеллектуалды бола алатынын айта келе, «Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек» деген. Жуырда Астанада тағы екі кітапхана ашамыз. Осылайша қаланың кітапхана желісі 22 кітапханадан тұрады, олардың арасында зағип және нашар көретін азаматтарға арналғандары да бар. Сол сияқты қолданыстағы кітапханаларды жаңғырту жұмысымен де айналысамыз,-деп жазды қала әкімі.

Өткен жылы қалада 4 кітапхана, биыл тағы 4 кітапхана жаңартылған. Қалалық желінің кітап қоры 800 мыңға жуық дананы құрайды. Мәселен, қазіргі уақытта кітапхана қорына берілген кітаптар саны өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға артқан, бұл оқырмандардың өсуіне де айтарлықтай әсер етті.

Перизат Саденова
Бөлісу: