01.08.2023
15:05
1268
Астанада екі бойжеткен парфюмерия дүкеніне ұрлыққа түскен

Астанада екі бойжеткен парфюмерия дүкеніне ұрлыққа түскен

Астанада парфюмерия дүкенінен әтір ұрлаған қос бойжеткен бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ақмола облысының 18 жастағы және Павлодар облысының 17 жастағы тумасын анықтады.

Тергеу барысында жас қыздар сағат 09:40-та Мәңгілік Ел көшесіндегі косметика дүкенінде сөредегі тауарларды қарап жүріп, сатушының байқамай тұрғанын пайдаланып, 49 мың теңгеге 3 дана әйелдер парфюмін жасырын алып шығып, қашып кеткендігі анықталды, - деп хабарлады полиция басқармасы.

Ұрлық жасалған сәті бутиктің сауда залында орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеру жүргізіліп жатыр.