06.10.2024
08:45
788
Астанада екі аялдама уақытша жабылды

Астанада екі аялдама уақытша жабылды

Астанада City Transportation Systems көлік компаниясы елордалықтар мен қала қонақтарына ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Көлік компаниясының мәліметінше, 6 қазанда «Жастар сарайы» (екі бағытта) және «Сарыарқа ауданының ХҚКО» (Кенесары көшесі бағытында) аялдамалары уақытша жабылды. Бұған жөндеу жұмыстары себеп болып отыр. 

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты № 2, 3, 5, 5А, 8, 17, 19, 33, 37, 40, 45, 53, 54, 71, 73 бағыттағы автобустар уақытша жолаушыларды отырғызу және түсіру жүргізбейді,-делінген көлік компаниясының мәліметінде.