Астанада Е67 көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астанада Е67 көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астанада Е67 көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Төле би, Е67, Е69 көшелерімен шектелген аумақта көшелер салу (жобалық атауы). 2-кезең - Төле би көшесінен А. Бектұров көшесіне дейінгі Е67, Е68 көшелері» жобасы аясында құрылыс жұмысын жүргізбек. 

Осыған байланысты, 2 қыркүйектен бастап Е67 көшесінің А. Бектұров көшесінен Төле би көшесіне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

Елорда әкімдігі тұрғындар мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.