25.09.2024
20:12
831
Астанада Дүниежүзілік қарттар күніне орай концерт ұйымдастырылады

Астанада Дүниежүзілік қарттар күніне орай концерт ұйымдастырылады

Дүниежүзілік қарттар күніне орай Астанадағы орталық саябақта мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, 1 қазан күні сағат 15:00-де басталатын іс-шарада №5573 әскери бөлімнің әскери оркестрі, «Парасат» ансамблі және «Үркер» аула клубының балалары өнер көрсетеді. Концерт алаңы Beeline Arena маңында орналасады.