Астанада Дулатұлы көшесі жабылды

15 Маусым 2023, 13:53 551

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Дулатұлы көшесінде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, жұмыс жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізілуде.

Жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты 15-20 маусым аралығында Дулатұлы көшесінің Көктал көшесінен Герцен көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

EL.KZ
Бөлісу: