Астанада демалыс күндері қанша қар жауғаны анықталды

17 Сәуір 2023, 11:50 939

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, ай сайынғы норма 22 мм болған жағдайда, Астанада тек соңғы үш күнде 37,6 мм қар жауды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің мәліметінше, коммуналдық қызметтер толықтай күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Қар күреу жұмысына күн сайын 2,2 мыңнан астам жол жұмысшы, мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

17 сәуірге қараған түні елордадан 23 мың текше метрден астам қар немесе 1 671 жүк көлігі шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бері бүгінгі күнге дейін полигондарға 4 миллион текше метрге жуық қар шығарылды, бұл 318 мыңнан астам рейс, - делінген ресми ақпаратта.

Ауа райының нашарлауына байланысты қалада көлік қозғалысының қарқыны төмендеді. Ал такси бағасы 6 мың теңгеге дейін шарықтағанын бұған дейін жазғанбыз.

Сонымен қатар ондаған әуе рейсі кешіктірілді.

EL.KZ
Бөлісу: