Астанада Бұқар Жырау көшесі-Қабанбай батыр қиылысы уақытша жабылады

21 Маусым, 01:01 449

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Бұқар Жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде Қабанбай батыр даңғылында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты осы жылдың 21 маусымы сағат 06:00-ден 22 маусым сағат 7:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады (оның ішінде Бұқар Жырау көшесі-Қабанбай батыр даңғылы қиылысы).

Әкімдік тұрғындар мен қонақтардан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Зарина Арман
Бөлісу: