11.12.2023
06:44
986

Астанада бүгін бірінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды

Бүгін Астана қаласының бірінші ауысымда білім алып жүрген оқушылары сабақты қашықтан оқиды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

2023 жылдың 11 желтоқсанында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - деп мәлімдеді елордалық білім басқармасының өкілдері.

Айта кетейік, 11 желтоқсан, дүйсенбі күні еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланған болатын. Синоптиктер Астана қаласында ауа температурасы 45 градусқа дейін төмендейді деп болжады.