Астанада бірқатар маршруттың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді

3 Шілде, 18:13 486

4 шілде күні Тәуелсіздік даңғылында жүретін бірнеше маршруттың қозғалыс сызбалары уақытша өзгерді. Бұл туралы CTS-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Соның ішінде № 3, 4, 4А, 14, 19, 21, 29, 29А, 32, 40, 43, 50, 58, 66, 84, 202, 203 сияқты маршруттардың сызбасы уақытша өзгерді.

Өзгеріс Тәуелсіздік даңғылындағы көлік қозғалысының шектелуіне байланысты болып отыр.

Осы маршруттардың өзгертілген схемаларын CTS-тің Instagram парақшасынан қарауға болады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: