Астанада бірқатар автобустың бағыты өзгерді

Астанада бірқатар автобустың бағыты өзгерді

City Transportation System Астананың кейбір автобустарының қозғалыс маршрутындағы өзгерістер туралы хабарланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, № 1, 6, 11, 85 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерген.

Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.

Сондай-ақ, техникалық ақауларға байланысты желіде қалаға қатынайтын №310 автобус жоқ. №39 автобус та қозғалыс бағытын өзгертеді.