Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы таратқан мәліметке сүйенсек, олар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Жангелдин көшесінде жөндеу жұмысын бастады.
Жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты 6-10 маусым күндері Жангелдин көшесінің Республика даңғылынан С. Рахимов көшесіне дейінгі учаскесі көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатыны белгілі болды.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс жағдайларын болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.