15.05.2023
04:21
1355

Астанада бірнеше автобустың қозғалыс бағыты өзгереді

Астанада төрт жолаушылар автобусының қозғалыс бағыты уақытша өзгереді. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, № 2, 56, 71, 54 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген мәліметте.