Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар автобус маршруттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жолаушылар тасымалдаушы мекеменің ақпаратына сәйкес, мына автобус бағыттары өзгеріске ұшырады:
Қалалық мобилділік орталығының мәліметінше, қазіргі уақытта елордада бірнеше магистральда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар қоғамдық көлік қозғалысына тікелей әсер етуде.
Уақытша қолайсыздықтар тек жөндеу кезеңінде болады. Барлық бағыттар бойынша қозғалыс қалпына келтірілген соң, автобустар бұрынғы сызбасы бойынша жүреді, – деп хабарлады CTS.