30.10.2024
10:27
950
Астанада бірнеше автобустың бағыты уақытша өзгерді

Астанада бірнеше автобустың бағыты уақытша өзгерді

Астанада бес автобус бағыты қозғалыс сызбасын өзгертті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы CTS мәлімдеді.

Құрметті жолаушылар! Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №№ 1, 6, 11, 85, 321 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген ақпаратта.

Өзгертілген қозғалыс схемасын мына жерден және осы сілтеме арқылы көре аласыз.