30.08.2023
13:21
1381
Астанада бірнеше автобустың бағыттары уақытша өзгереді

Астанада бірнеше автобустың бағыттары уақытша өзгереді

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты 10 автобус бағытының қозғалысы өзгерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 1, 3, 5А, 6, 16, 20, 23, 25, 37, 72 бағыттардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді, - деді аталған серікстестіктің өкілдері.