Астанада бірінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды

8 Желтоқсан 2023, 09:30 680

Астанада бүгін аязға байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқитын болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қалалық білім басқармасы мәлім етті.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, делінген қалалық білім басқармасының хабарламасында.

Айта кетейік, 5 желтоқсанда бірінші ауысым оқушылары онлайн оқыған еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: