22.01.2025
20:42
1115
Астанада бірінші ауысымның оқушылары ауа райына байланысты қашықтан оқиды

Астанада бірінші ауысымның оқушылары ауа райына байланысты қашықтан оқиды

Ауа райының күрт суытуына байланыстсы Астанада бірінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ретте елорданың мектеп оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттері ауа райына байланысты онлайн оқу форматына ауыстырылып отыр. 

2025 жылғы 23 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - деп жазылған қаланың білім басқармасы таратқан мәліметте.