Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАстана Халықаралық университетінің делегациясы ресми сапармен Бейжіңге барды. Сапар аясында Бейжің тіл және мәдениет университетінің (BLCU) басшылығымен кездесу өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бейжіңде өткен «Қазақстан–Қытай іскерлік кеңесі» алаңында, Қазақстан Республикасы Білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен, AIU Президенті Серік Азтайұлы мен BLCU Президенті Дуань Пэн Астанадағы (AIU базасында) BLCU филиалында магистрлік бағдарламаларды іске қосу туралы келісімге қол қойды.
Келісімде екі магистрлік білім беру бағдарламасын ашу көзделген:
Осы бағдарламаларды іске асыру филиалда «Foundation – бакалавриат – магистратура» кадрларды даярлаудың өтпелі жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оның Орталық Азияның білім беру кеңістігіндегі орнын айтарлықтай нығайтады. Қазіргі уақытта докторантура бағдарламаларын іске қосу мәселесі пысықталуда, бұл филиалға толыққанды ғылыми-білім беру орталығы мәртебесін береді.
Биылғы оқу жылында Астанадағы BLCU филиалына (AIU базасында) Қытай тілін үйрену бағдарламалары бойынша 150 білім алушы, «International Chinese Language Education» және «International Affairs» бағыттары бойынша 80 бакалавриат студенттері қабылданды.
Бұл келісімге қолқою Қазақстан менҚытай арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықтың дамуын айқындайтын маңызды кезең болып, филиалдың табысты қызметін айқын дәлелдейді.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек