Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Елордада сала үздіктері мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ие болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Салтанатты марапаттау рәсімі Орталық коммуникациялар қызметінде өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен келген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Мемлекет басшысы атынан ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов марапаттарды табыстаған.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, рәсім барысында журналистер «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат», «Еңбек ардагері» медальдары мен «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Марапат иегерлері — отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқан кәсіби мамандар. Олардың қатарында редакторлар, теле-радиоарналар қызметкерлері, дизайнерлер, продюсерлер мен өңірлік тілшілер бар.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары