Астанада БАҚ қызметкерлерінің күніне орай бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде елорданың дамуы туралы үздік жарияланымдар, репортаждар, сюжеттер байқауы жарияланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қала әкімдігінің мәліметінше, байқауға Қазақстанның барлық кез келген журналисі қатыса алады. Конкурсты Астана қаласының Коммуникациялар қызметі ішкі саясат басқармасының қолдауымен ұйымдастырады.
Байқауға 2024 жылғы 1 маусым мен 2025 жылғы 16 маусым аралығында мемлекеттік немесе орыс тілінде жарияланған, эфирге шыққан материалдар қабылданады. Қатысушы тек бір номинация бойынша бір ғана материал ұсына алады.
Байқау мына номинациялар бойынша өткізіледі:
Facebook, Instagram және TikTok желілеріндегі танымал топтар мен пабликтер қатысу үшін өтінім бере алады.
Номинациялар бойынша жеңімпаздарды белгілі журналистер, медиа сарапшылар және саланың беделді өкілдерінен құралған конкурстық комиссия анықтайды.
Ең үздік жұмыстар ақшалай сертификаттармен марапатталады. Бірінші орын иегеріне – 1 000 000 теңге, екінші орынға – 700 000 теңге, үшінші орынға – 500 000 теңге көлемінде жүлде тағайындалады.
Өтінімдер 2025 жылғы 16 маусымға дейін қабылданады.
Электронды пошта: baq.baikauy@gmail.com;
Ұйымдастыру комитетінің байланыс нөмірі: 8 778 603 90 94;