Астанада банкке басып кірген қарулы адам бірнеше қызметкерді кепілге алды

18 Маусым 2023, 15:22 814

Астанадағы «Керуен» сауда орталығы маңындағы банктің бірінің ішіне кіріп, бірнеше адамды кепілге алғаны туралы жағдай белгілі болды,  деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Елордадағы Достық көшесіндегі Каспий банкінің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алған туралы хабарлама келіп түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қарулы. Оқиға орнында полиция қызметкерлері, ер адаммен келіссөз жүргізуде, - деді ІІМ баспасөз қызметі. 

Осы ретте полиция қызметкерлері Астана тұрғындарынан сабыр сақтап, құзыры органдардың өз жұмысын жүргізуге мүмкіндік берудi сұрап отыр. 

Асқар Таудай
Бөлісу: