Астанада банк бөлімшесін басып алған адам ұсталды

18 Маусым 2023, 16:52 1170

Астанада Kaspi банк бөлімшелерінің бірінде бірнеше кызметкерді кепілге алған 30 жастағы ер адам тұтқындалды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Астанада оқыс жағдайдан кейін кепілге алушымен бірнеше сағат бойы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов келіссөздер жүргізген. Алдын ала болжам бойынша күдікті ғимарат ішінде 7 адамды кепілге алғаны белгілі болды.

Олар босатылғаннан кейін барлығын дәрігерлер тексерп, кепілге алынғандар да, басқыншы да зардап шеккен жоқ. Оқиға орнында "Арлан" жасағының қызметкерлері жұмылдырып, нысанды қоршауға алған. 

Келіссөздер барысында кепілге алынған адамдар босатылған. Нысанға басып кірген күштік құрылым жасағы 30 жастағы Жамбыл облысының тұрғынын ұстады. 

 

 

 

 

 

Асқар Таудай
Бөлісу: