29.11.2024
10:42
845
Астанада балаларды тегін үйірмелерге қабылдау басталады

Астанада балаларды тегін үйірмелерге қабылдау басталады

Астана әкімдігі мемлекеттік тапсырыс бойынша балаларды шығармашылық үйірмелерге қабылдау таяуда ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кезекке қабылдау 29 қараша күні кешкі сағат 20:00-де және 30 қараша күні сағат 12:00-де басталады. Оған DamuBala сайты арқылы жазылуға болады.

Айта кету керек, бұл Қазақстанның басқа өңірлеріне де қатысты. Сайттың негізгі бетінде облыс пен қаланы таңдай аласыз.

DamuBala-да тегін және ақылы ваучерлер жарияланады. Жүздеген үйірме мен секцияны таңдауға мүмкіндік бар.