Астанада балалар спортына қаншалықты көңіл бөлінеді?

6 Қазан 2023, 17:50 870

Астана қаласы әкімдігінің №8 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің қызметі туралы мекеме басшысы Дінмұхамед Құрамаев түсіндіріп берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Аталмыш спорт мектебі 2003 жылы құрылған.

Қазіргі уақытта спорттың 2 түрі бар:

1) Футбол
2) әйелдер футболы

№8 БЖМОРСМ» мекемесінде барлығы 32 жаттықтырушы-оқытушы бар, барлық жаттықтырушылар құрамы жоғары дене шынықтыру білімі мен футбол өткеніне ие. ​Қазіргі уақытта мектепте 617 оқушы айналысады, жыл сайын футболмен айналысқысы келетін балалар саны үнемі өсіп келеді. №8 БЖМОРСМ жалпы балалар мен жасөспірімдер футболын насихаттауға және болашақта республикалық және халықаралық турнирлерге, чемпионаттар мен біріншіліктерге қатысатын футбол клубтарының кадрлық әлеуетін толықтыратын жас тәрбиеленушілерді сапалы оқытуға бағытталған, - дейді Дінмұхамед Құрамаев.

Спортшыларды даярлаудың үздіксіз оқу-жаттығу процесі үшін мынадай спорт залдары жалға алынады:

▪ Үрлемелі футбол корты (Жирентаев көшесі, 15б)
▪ «Жас батыр» спорт кешені (Конституция көшесі 3)
▪ Қыс мезгілінде, «Астана Арена» СК (Тұран даңғылы 48)
▪ «Бақытбек Арена» СК (Үркер т / м, Исатай батыр к-сі, 141/2)

Біздің 2007 жылы туған, 2012 жылы туған командалар Қазақстан Республикасы чемпионатының алтын медальдарының иегерлері болып саналады, сондай-ақ 2008 жылы туған командасы жасөспірімдер 2 лигасының чемпиондары атағын жеңіп алды және облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалалары арасында ҚРЧ күміс жүлдегері атанды. Әр түрлі жастағы спортшылар көптеген республикалық және халықаралық турнирлердің жүлдегерлері мен чемпиондары атанды, - дейді мекеме басшысы.

Ол өз сөзінде жас спортшылардың жеткен жетістіктері туралы мынадай мәлімет беріп өтті:

▪ 2021 жылы 7 медаль
▪ 2022 жылы 14 медаль жеңіп алды.
▪ 2023 жылы 9 медаль жеңіп алды.

Мемлекет басшысының қолдауымен бұқаралық спорт жоғары мәртебеге ие болды және әлеуметтік маңызы бар.
Мен Президенттің аудан орталықтарында спорт нысандарын салу қажеттілігі туралы идеясын толық қолдаймын. Оқу жылының басынан бастап әкімдіктің қолдауымен Астана қаласының Жаңа Нұра ауданында, Үркер тұрғын алабында футбол бөлімшесі ашылды. Қазіргі уақытта Үркер тұрғын алабында 150-ден астам жасөспірім оқып жүр, - деді ол.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: