03.11.2023
15:21
1948
Астанада балалар арасында қызылша ауруы кеңінен тарап жатыр

Астанада балалар арасында қызылша ауруы кеңінен тарап жатыр

Астана қаласының мемлекеттік санитария қызметінің мәліметіне сенсек, 511 адамнан қызылша табылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның ішінде 408 науқас — 14 жасқа дейінгі балалар, 17,4 пайызы — ересектер, 14 адам — 15-19 жастағы жасөспірімдер. Қызылшамен ауырғандардың тек 4,5 % — екпе алғандар, қалғаны – бас тартқан.

Ұлттық профилактикалық күнтізбеге сәйкес қызылшаға қарсы екпе егу жылына 2 рет жүргізіледі. Науқан 1-6 жастағы балалар арасында өтеді. Қызылша  жұқпалы ауру болғандықтан, ұжымда, мектепте, мектепке дейінгі ұйымдар мен ЖОО-да вакцина алмағандар арасында тез таралуы мүмкін», — деді Астана қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова Астана қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.