22.09.2023
11:42
1387
Астанада бала күтуші мен оның көңілдесі бүлдіршінді өлтірген

Астанада бала күтуші мен оның көңілдесі бүлдіршінді өлтірген

Қайғылы оқиға былтыр болған, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Астана қалалық прокуратура мәліметінше, бала күтуші мен бірге тұратын көңілдес адамы жас балаға зорлық-зомбылық көрсетіп, салдарынан ол қайтыс болды.

Қала прокуратурасының үйлестіруімен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел және объективті тергеп-тексеру қамтамасыз етілді, - делінген мәліметте.

Сотта мемлекеттік айыптаушымен аталған адамдардың кінәсі туралы бұлтартпас дәлелдер келтірілді, олар 17 және 23 жылға сотталды.

 Үкім заңды күшіне енді.