Астанада бағдаршамның қызыл түсіне өткен автобус жүргізушісі адам қағып кетті

3 Қараша 2023, 16:51 893

Елордада шағын автобус тізгіндеген жүргізуші 50 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті, зардап шегуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абылай хан даңғылы бойымен келе жатқан автобус жүргізушісі Жансүгірұлы көшесінің қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, бағдаршамның рұқсат етілген тұсында жолды кесіп өтіп бара жатқан 50 жастағы әйелді қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші зардап шекті. Ол медициналық мекемеге жеткізілді, деп жазылған Астана қаласының полиция департаменті жіберген хабарламасында.

Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: