Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясы өтті

30 Қараша 2018, 08:11 1644

Сессияға қатысушылар Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруда Қазақстан халқы ассамблеясының ерекше орнын атап өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Достық үйінде «Бірлік пен тұрақтылық – рухани жаңғырудың негізі» атты ҚХА XVII сессиясы өтті. 

Сессияның жұмысын Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев ашты. Шараға ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттары, Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, Астана мәслихатының депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, Аналар кеңесі, астаналық ассамблеяның ғылыми-сараптама тобы, этномәдени бірлестіктер, жастар қанатының белсенділері, қоғамдық және мемлекеттік қайраткерлер қатысты. 

«Біздің мемлекеттің тәжірибесі жаһандық деңгейде сұранысқа ие. Ол 100-ден астам этнос пен 18 конфессия өкілдерінің тату-тәтті өмір сүруі моделінің үлгісі болып табылады. 

Астана өз кезегінде тек тәуелсіз мемлекеттің символы ғана емес, ол Мемлекет басшысының Қазақстанның дамыған елдер қатарына кіруі үшін елімізде жағымды жағдай жасауға бағытталған Елбасының іргелі идеяларының негізі болып табылады. Кетіп бара жатқан жыл елордамыздың 20 жылдығымен есте қалды. Барша қазақстандықтар үшін ол халықтық мерекеге айналды. Астаналық ассамблея үшін ол ерекше есте қалмақ, себебі біз Маңғыстау облысынан Президентіміздің бейбітшілік пен келісім идеясы салтанат құруы үшін осы Достық үйін сыйлыққа алдық», - деп атап өтті Ермек Аманшаев.   

Сессияның қатысушылары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылында негізгі міндеттердің іске асырылғандығын айтты. 

«Бүгін елордалық Қазақстан халқы ассамблеясының құрамында 22 этномәдени бірлестік бар. Олардың жұмысының арқасында біз қаламызда тұратын этностардың тұрмыстық мәдениетімен кеңірек таныса аламыз. Астанада 12 этнолингвистикалық орталық бар. Онда өскелең ұрпақ өкілдері өз халқының тілімен, мәдениетімен таныса алады. Республикалық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының қалалық штабының құрылуы – бұл астаналық ассамблеяның даму бағдарламасын іске асырудағы тағы бір қадам», - деп қосты Е. Аманшаев.  

Сондай-ақ, ол ҚХА қайырымдылық қызметі мен Достық үйі базасында «Парасат» қайырымдылық орталықтары мен мемлекеттік тілді үйрететін орталықтарды құру қажеттігін алға тартты.   

Сессияға қатысушылар  бірлік, толеранттылық, келісім мен елдің көркеюі туралы идеяларын білдірді. Олар Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттер мен жаңа мақсаттарға жетуде үлкен жұмыстың күтіп тұрғанын атап өтті. 

Сессия барысында Астана Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері алғыс хаттармен марапатталды. 

«Адамдар менің қазақ тіліне не себепті қызыққанымды білгісі келеді. Меніңше, тіл – бұл тек араласу құралы емес, ол бүтін халықтың тарихы мен дәстүрі. 

Қазақстан халқы туралы көп білу үшін, халықты түсіну үшін мен қазақ тілін үйреніп әрі қолданып жүрмін. Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы ұлттың тарихын, қазақ халқының ұлттық мәдениетін көбірек білуге мүмкіндік береді. Мен үшін бұл мақала өте қызықты.  

Қазақстан – бұл барлық этностардың ортақ үйі. Түрлі ұлттар бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұл жеке өзім үшін де, Корея үшін де тың жаңалық, таң қаларлық дүние. Меніңше, Қазақстанның тәжірибесі пайдалы әрі қызықты болатынына сенімдімін», - деді Еуразия ұлттық университетінің докторанты Оңтүстік Кореядан келген Чу Янг Мин. Қазақстан халқы Ассамблеясы XVII сессиясының жұмыс қорытындысы бойынша резолюция қабылданды.

Бөлісу: