АСТАНАДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ФОРУМЫ ӨТЕДІ

19 Желтоқсан 2018, 12:00 1992

 

2018 жылдың 20 желтоқсанында Астана қаласында «Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер ассоциациясының 5 бастамасы» атты Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығының форумы өтеді.

Форум аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығы құрамына кіретін отандық тауар өндірушілердің,  қолөнершілердің, жас стартапшылардың өнімдер көрмесі ұйымдастырылады.

Форум жұмысына ҚХА Төрағасының орынбасары – Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Л. Прокопенко, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік орган басшылары, Қазақстан Республикасының шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің өкілдері, іскерлік-қауымдастық, жас стартапшылар, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері қатысады.

Іс-шара Мемлекет басшысының кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тапсырмалардың шеңберінде отандық өнімдерді және қазақстандық кәсіпкерлердің импорт алмастыру бойынша бастамаларын насихаттауға бағытталған.

Бөлісу: