Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтуде

20 Қараша 2018, 11:49 2015

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы (бұдан әрі – Кеңес) өтуде.

Кеңес жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Л. Прокопенко, ҚХА Төрағасының орынбасарлары И. Салжанов және В. Тварионас, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары В. Божко, ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Қоғамдық даму вице-министрі С. Коновалов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА Кеңесінің  мүшелері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысуда.

Кеңес отырысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын, Қазақстан халқы Ассамблеясының   ХХVІ сессиясында берілген тапсырмаларды іске асыру барысының мәселелері, сондай-ақ «Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерін қоғамдық аккредитациялау ережелері» мен Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейін) даму тұжырымдамасы қаралады.

Бөлісу: