30.10.2025
01:29
406
Астанада Әйтеке би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Астанада Әйтеке би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Астана қаласының коммуналдық шаруашылық басқармасы Қорғалжын тасжолы мен Әйтеке би көшесінің қиылысында кәріз желілерін жүргізу бойынша құрылыс-монтаж жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Осыған байланысты 30 қазан мен 15 қараша аралығында Әйтеке би көшесінде Қорғалжын тасжолы бағытына қарай жүретін жол бөлігі уақытша жартылай жабылады.

Көлік қозғалысына баламалы бағыт ретінде Ұмай ана көшесімен қатынауға болады.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілерге жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ерекше мұқият болу керек екені ескертіледі.

Жол қозғалысын ұйымдастыру схемасына қажетті өзгерістер енгізіліп, тиісті жол белгілері орнатылды.