Астанада әйелдің көлігін эвакуатормен ұрлап кеткен

8 Қараша, 17:33 464

Астана тұрғыны бір ай бұрын көпқабатты үйдің ауласына жұмыс істемейтін көлігін тастап кеткен, алайда оны эвакуатордың көмегімен ұрлап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, полицияға Honda Accord көлігінің иесінен арыз түскен. Қала тұрғынының айтуынша, ол бір ай бұрын көпқабатты үйдің ауласына істемейтін көлігін тастап кеткен. Үй иесі келтірілген шығынды жарты миллион теңгеге бағалаған. Кейін полиция 38 жастағы күдіктіні анықтап, ол өз қылмысын мойындады.

Ол көлікті біраз уақыттан бері бақылап жүргенін және оның иесі жоқ деп ойлағанын айтты. Көлікті үйіне апару үшін эвакуатор шақырып, жүргізушіге оның өзіне тиесілі екенін айтып, сендірген, - деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.

Автокөлік иесіне қайтарылды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: