Астанада әйел «Қазпошта» ғимаратын қиратып кетті

22 Қазан, 11:11 475

Астанада 39 жастағы әйел «Қазпошта» филиалдарының бірін қиратып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Оқиға Күйші Дина көшесінде орналасқан «Қазпошта» филиалында болған.

39 жастағы астаналық жанжал кезінде құрылғыны лақтырып, компьютерді сындыру арқылы материалдық шығын келтірді. Ол ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген мәліметте.

Астанада жыл басынан бері сот 260-қа жуық адамды бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені, жалпы пайдалану орындарын ластағаны, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін жазалады. Олардың барлығы жауапқа тартылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: