Астанада автотұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

20 Шілде, 12:40 537

Астанада "Магнум" сауда орталығы алдындағы автотұрақта тұрған жеңіл көлік өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға бүгін 20 шілдеде таңғы уақытта болған. 

Шақырту бойынша мекенжайға жеткен өрт сөндірушілер Lada Priora көлігінің жанып жатқанын анықтаған. Жедел әрекет етудің арқасында төтеншеліктер қызыл жалынды шақырту түскен сәттен бастап 13 минут ішінде сөндірді. 

Зардап шеккендер жоқ. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: