24.11.2022
12:21
1231
Астанада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

Астанада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

24 қарашада Астанада 2008 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Турнир Баршын көшесі, 30/2 мекенжайындағы № 5 ЖМББМ ғимаратында өтеді.

Алдын ала өтінім бойынша ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатына республиканың барлық облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 180-ден астам спортшы қатысады.

Жарыс қорытындысы бойынша әр салмақ дәрежесінде медальдар мен дипломдар жиынтығы ойналады, сондай-ақ жалпы командалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер аталады.

Чемпионаттың ашылу салтанаты 24 қарашада өтеді, жарыс 29 қарашаға дейін жалғасады.