Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қайта ашылды

11 Сәуір, 17:01 596

Астанада қалалық және өңірлік тауар өндірушілердің қатысуымен демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қайта ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі әр демалыс сайын Астананың сол жағалауындағы Сауран, 7 мекенжайында өтеді.

Кәсіпкерлер тауарлардың кең ассортиментін ұсынады, оның ішінде сүт, азық-түлік және ет өнімдері, көкөністер, жеміс-жидек, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық түрлері – нан өнімдері, жарма, жұмыртқа, күнбағыс, май, қант және т.б. Жәрмеңке демалыс күндері сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін өтеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: