27.02.2024
09:00
1098
Астанада әуежайдан өрт шығып, адамдар эвакуацияланды

Астанада әуежайдан өрт шығып, адамдар эвакуацияланды

Астана әуежайынан өрт шығып, адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

112-ге Астана қаласының халықаралық әуежайындағы терминалдың электр қалқан бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Сыртқы белгілері бойынша - №1 және №2 терминалдар арасындағы галереядан қою түтін шыққан, адамдар эвакуацияланды.

Сағат 08-24-те өрт сөндірілді. №2 серверлік терминалда 10-15 шаршы метр электр кабельдері жанған.  

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 76 адамы және 18 техникасы жұмылдырылды.