17.04.2023
11:15
1301
Астанада әуе рейстері кешіктіріліп жатыр

Астанада әуе рейстері кешіктіріліп жатыр

Бүгін елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер бірнеше сағатқа кешігіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Дегенмен әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Ұшақтар 1 сағаттан 6 сағатқа дейін кешіктіріледі.

Бүгін Алматыға ұшатын 17 рейстің үшеуі кешіктіріледі. 07:15-тегі «FlyArystan» ұшағы 12:40-қа, 11:55-дегі «Qazaq Air» рейсі 13:00-ге және 11:30-да Алматыға ұшуы керек «Аir Astana» әуе рейсі 11:50-ге ауыстырылды, - деп мәлімдеді Nursultan Nazarbaev әуежайының ақпарат бөлімі.

Сондай-ақ халықаралық рейстер де бірнеше сағатқа кешігіп ұшады. Ыстамбұлға 06:10-да аттануы тиіс «Pegasus» рейсі 13:35-ке ауыстырылды. Шарм-эль-Шейхке 11:05-де ұшуы тиіс рейс 13:30-ға ауыстырылды. Ереван мен Омбыға ұшатын рейстер де бір сағатқа кешігеді.

Бүгін түнде 00:20-да Астанадан Бейжіңге ұшатын рейс тоқтатылған. 

Бейжіңге ұшатын рейстің қай уақытқа ауыстырылғаны әлі белгісіз. Рейстердің кешігетіні және ұшпайтындығы туралы ақпарат жолаушыларға смс хабарлама арқылы жіберілді, - деді әуежайдың ақпарат бөлімінің қызметкері Индира Уәлиева.