Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана халықаралық әуежайында бірқатар рейстердің кестесі өзгерді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Онлайн ұшу тақтасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, кешіктірілген рейстер арасында ішкі бағыттар да бар. Атап айтқанда, Өскемен, Қызылорда және Атыраудан келетін ұшақтардың қону уақыты кейінге шегерілген.
Air Astana әуе компаниясы да бірнеше рейстің ауа райы себепті кешігіп жатқанын растады. Компанияның мәліметінше, Астанадан ұшуы тиіс кейбір рейстер де ауа райының нашарлауына байланысты уақытша тоқтатылған.
Әуежай әкімшілігі жолаушыларға сапарға шығар алдында өз рейстері туралы жаңартылған мәліметті әуе компанияларының ресми сайттарынан немесе онлайн ұшу тақтасынан тексеріп отыруды ұсынады.