Астанада Атырауға ұшқалы тұрған ұшақ зақымданды

9 Тамыз, 02:37 698

Елордадағы қатты желден Астана-Атырау бағытында ұшқалы тұрған ұшақ зақымданды. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

8 тамызда Астана-Атырау бағыты бойынша КС 983 рейсін орындауға жоспарланған ұшақ қатты жел кезінде елордалық әуежайда контейнердің соққысынан зақымданған. Ұшақты ауыстыруға байланысты рейс әзірше 2 сағатқа кешіктірілді, - делінген хабарламада.

Елордадағы әуежай штаттық режимде жұмысын жалғастыруда.

Жағдай елордадағы ауа-райының күрт нашарлауына, атап айтқанда бұршақпен қатар болған қатты екпінді желге байланысты болды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта борт ауыстырылып, ұшаққа жанармай құйылуда, рейс жақын арада ұшады. Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Зарина Арман
Бөлісу: