16.02.2023
11:33
2071
Астанада ат спортынан «Арғымақ» ашық кубогы өтеді

Астанада ат спортынан «Арғымақ» ашық кубогы өтеді

Бұл туралы «Астана қаласы Коммуникациялар қызметінің» баспасөз орталығында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешені 2022 жылдың 25 қазан айында Республика күніне орай ашылған. Аталған кешен орны 2023 жылдың көктемнен бастап жұмыс істейді деп жарияланды. Оның басты мақсаты – адамдардың қасиетті жылқы малымен қарым-қатынасын жақсарту, мүмкіндіктерін кеңейту.

«Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінің басшысы Арман Мусипов ипподромның қаланың сыртындағы ыңғайлы жерде орналасқанын айтты.

«Кешенде жылқыларды ұстауға жақсы жағдай жасалған. Мұнда 3 жеке жарық ат қорасы бар. Оған қоса жаттықтыру алаңы, төрешілер орны, 600 орынық трибуна, 60 орын мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жер де осында орналасқан», - деді Арман Серікбекұлы.

«Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешені 2023 жылдың 26 ақпанында «Арғымақ» ашық кубогы турнирі өткізеді. Оған 50 адам қатысады. Сондай-ақ Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 8-наурызда әйелдер арасында конкур жарысы болады.