14.05.2023
17:49
1532
Астанада "АSTANA RUN" әуесқойлар арасында жүгіруден жарыс өтті

Астанада "АSTANA RUN" әуесқойлар арасында жүгіруден жарыс өтті

Бүгін Астанадағы ботаникалық бақта "Astana run challenge" 10 шақырым қашықтықтағы жарыстар сериясы басталды. Оған 400-ге жуық Астана тұрғыны мен қала қонақтары қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.  

Ұйымдастырушылардың айтуынша бұқаралық спортты дамытуға бағытталған іс-шара үш бәсекелі жарыстан тұрады. Оның бірінші кезеңі бүгін Ботаникалық бақта басталды. Екінші кезеңі 20 тамызда – Орталық саябақта, ал финал 17 қыркүйек күні Триатлон саябағында өтеді.

Астана тұрғындарын жүгірудің алғашқы кезеңіне қатысуларымен құттықтаймын! Бұқаралық спортты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шарамыз қаламыздың кереметтей саябақтарының бірінде өтіп жатыр. Жүгіру жарысын осындай форматта, елорданың саябақтарында өткізуіміз ешкімге кедергі жасамаймыз. Бүгінгі әрбір қатысушыға сәттілік пен жеңіс тілеймін! — деп Астана қаласы бойынша Триатлон федерациясының президенті Евгений Больгерт өзінің ықыласын жеткізді.

Спорттық іс-шараны тек тұрғындар ғана емес, Астанадағы Индонезия елшілігінің қызметкерлері де қолдап, қатысты.

Әрбір кезеңде жеңімпаздар 18-29, 30-39, 40-49, 50-59, 60 жас ерекшелігі бойынша анақталды. Оларға ш
ара соңында жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен, медальдармен марапаттар тапсырылды.