Астанада алғаш рет әскери қызметшілер арасындағы қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Астана қаласы қазақ күресі тарихындағы маңызды оқиғаның куәсі болмақ. 2025 жылдың 14-15 тамызында Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде алғаш рет әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді.
Бұл тарихи додаға әлемнің 30-ға жуық елінен спортшылар қатысады. Бүгінде чемпионатқа келетін алғашқы командалар келе бастады. Солардың ішінде ең алғаш болып Пәкістан құрамасы елордаға табан тіреді.
Жарыс CISM – Халықаралық әскери спорт кеңесінің қолдауымен ұйымдастырылуда. Турнир барысында мықтылар анықталып қана қоймай, қазақ күресінің беделі мен халықаралық аренадағы танымалдығы арта түспек.