Астанада әскери қызметкердің басына оқ тиіп, көз жұмды

9 Қазан 2023, 15:11 2567

Аталған ақпаратты Ұлттық ұланның баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.   

Қайғылы оқиға 9 қазанда болған. 6636 әскери бөлімнің әскери қызметшісі қатардағы Қайсар Сұлтанов әскери қалашықты күзету жөніндегі кезекші бөлімшенің құрамына кірген.

Сағат 01:20 шамасында штаб бойынша кезекші және бөлімше командирі қызметті тексеру кезінде қатардағы Сұлтановтың өз бекетінде басына оқ атып, жаралы жатқанын байқады. Жедел жәрдем жеткенше ол көз жұмды, – деп мәлімдеді ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқиғаның мән-жайы анықталып жатқаны атап өтілді. Қызметтік тергеу жүргізілуде. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: