Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсАстана қаласының №1 көпбейінді қалалық ауруханасының кардиохирургтары ашық жүрекке жасаған алғашқы ота сәтті өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл оқиға бүкіл республика үшін стратегиялық маңызы бар жаңа кардиохирургиялық бөлімше жұмысының ресми басталуын белгіледі.
Енді мұнда елорда тұрғындары мен еліміздің басқа өңірлерінен келген пациенттер коронарлық артерияны шунттауды, жүректің қақпақшасы аппаратының туа біткен және жүре пайда болған ақаулары кезінде реконструктивті және протездеу операцияларын жүргізуді, хирургиялық санация мен қақпақшаларды ауыстырудың заманауи әдістерін қолдана отырып инфекциялық эндокардитті емдеу және араласудың басқа түрлерін қоса алғанда коронарлық артерия ауруының жіті және созылмалы түрлерінде жоғары технологиялық мамандандырылған жоспарлы және шұғыл кардиохирургиялық көмек ала алады.
Бүгінгі таңда республикалық мамандандырылған орталықтардың қолданыстағы қуаттары шамадан тыс жүктелген, бұл өмірлік маңызды көмек көрсетудің кешеуілдеуіне әкелуі мүмкін.
Кардиохирургиялық бөлімшені ашу нәтижесінде жедел диагностика және ерте хирургиялық емдеу хаттамаларын енгізудің есебінен ЖИА және жіті коронарлық синдромның асқынған түрлерінен болатын өлімнің төмендеуі, қақпақшалық жүрек ақаулары бар пациенттердің өмір сүру сапасының жақсаруы, инфекциялық эндокардит кезінде өлімнің төмендеуі күтіледі, - деп жазылған денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратында.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды