Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Арыс көпірі (М3) бойынша деформациялық тігісті жөндеу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты 15-25 қыркүйек аралығында автокөлік құралдарының қозғалысы ішінара шектелетін болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.