Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Астанада «Aqyl Battle CUP» еліміздегі танымал зияткерлік сайысының финалы аяқталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткен зияткерлік сайысқа 14-35 жас аралығындағы жастар қатысқан. Іс-шара «Тіл тағдыры – ел тағдыры» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Жоба мақсаты – жастардың білімге деген құштарлығын арттырып, шығармашылық пен зияткерлік дамуға жол ашуды көздейді.
Еліміздің аймақтарынан іріктеу кезеңдерінде 1500-ден астам адам қатысты. Ақтық кезеңге үздік 20 команда жолдама алды. Қытай, Өзбекстан, Моңғолия құрама командалары басты қарсылас болды.
Сайыс нәтижесінде Солтүстік Қазақстаннан келген «Qyzyljar» командасы бас жүлдені иеленді. Сондай-ақ жүлделі орындарды Астана қаласы мен Абай облысының білімді жастары еншіледі. Турнирдің жалпы жүлде қоры 3 600 000 теңгені құрайды.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары