Астана қаласының Ипподром алаңында Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шараға облыстың 12 ауданы және Ақтөбе қаласынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеуші кәсіпорындар қатысқан.
Жәрмеңкенің ашылуына Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Жүсібалиев арнайы барып, жәрмеңкенің өту барысымен танысты.
Келушілерге концерттік бағдарлама ұсынылды.
Жәрмеңкеде елордалықтар мен қала қонақтарына 73,2 тонна ет, 39 тонна картоп пен көкөніс, 8,9 тонна сүт өнімдері, 24 мың дана жұмыртқа, 3,5 тонна балық, 7,1 тонна шұжық өнімдері, 11 тонна ұн және ұн өнімдері, 5 тонна алкогольсіз сусындар, 2,4 тонна кондитерлік өнім және 25,5 тонна өзге де тауарлар ұсынылуда. Жалпы көлемі 213,3 тонна өнім жеткізілген.