Астанада «Aq Jol» партиясының съезі өтіп жатыр

6 Қазан 2022, 12:11 931

Делегаттар 4 кандидатты президенттік ұсыну мәселесін талқылап жатыр, деп хабарлайды El.kz. 

Олар: Қасым-Жомарт Тоқаев, журналист Сандуғаш Дүйсенова, Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев пен Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты Асқар Садықов.

«Ақ жол» демократиялық партиясы ХІХ құрылтайының күн тәртібінде партия атынан президенттікке кандидат ұсыну мәселесі талқыланып жатыр. Белгілі болғандай, құрылтай жұмысына партия мүшелерінің саны ескеріліп, өкілдік нормаларға сәйкес өңірлік партиялық конференцияларда сайланған 300-ден астам делегат қатысып отыр. 

Бөлісу: